Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Сәрсенбек Баймағамбетов - Ағайын БейнеМәтін

Сәрсенбек БаймағамбетовАғайын БейнеМәтін

+3337
  • Просмотров:  
  • Размер: 4,16 MB
  • Длительность: 4:33
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 9-12-2018, 13:29
Слушать
Скачать

Текст песни
Жетпей жатқан жеріңді
Жеткізетін, ағайын
Өтпей жатқан сөзіңді
Өткізетін, ағайын

Іс түскенде басыңа
Қарасатын, ағайын
Хабарсыз кетсең сағынып
Бал ашатын, ағайын

Қолтығыңнан су бүркіп
Қолпаштайтын, ағайын
Талабыңа биіктен
Ой тастайтын, ағайын

Жас кезіңнен сырыңды
Білетін де, ағайын
Сүрінгенде бірінші
Күлетін де, ағайын

Озғаныңды көре алмай
Күндейтін де, ағайын
Азғындасаң аямай
Жүндейтін де, ағайын

Жік-жік етіп ұрпаққа
Бөлетін де, ағайын
Қисайғанда жабығып
Көметін де, ағайын

Аманыңда елжіреп
Мақтайтын да, ағайын
Алыстамай, айналып
Жақтайтын да, ағайын

Ауырыңды жеңіл қып
Жоқтайтын да, ағайын
Еркелетіп бетіңнен
Қақпайтын да, ағайын

Жаман атақ бойыңа
Тақпайтын да, ағайын
Ашыққанда рақым қып
Сақтайтын да, ағайын

Сабыры қалмай сағынып
Жүретін де, ағайын
Есіне алып елжірей
Білетін де, ағайын

Туысқансып тірлікті
Көретін де, ағайын
Қылға тізіп қимылды
Күлетін де, ағайын

Жан қысылса жатырқап
Үркетін де, ағайын
Көлгірсініп көз жасын
Сүртетін де, ағайын

Толып жатыр тірлігім
Қайсы бірін айтайын
Әуел бпста аңдамай
Сарт еткізген сазайын

Өкпелерге орын жоқ
Қараңғы еді маңайым
Өлмеген ер табады-ау
Өзгерістің талайын|.

Жадыратар жаныңды
Жақсы болса, ағайын
Жабырқатар көңілді
Жаман болса, ағайын

Түсінсе түйткіл сөзімді,
Улы тілмен шағайми,
Ағайынды жамандап
Жақсыны қайдан табайын

Ағайыннан ажырап
Қайда барып оңайын
Комментарии
Добавить