Алфавит
» » Әбиірбек Тінәлі - Өмір БейнеМәтін
Әбиірбек Тінәлі - Өмір БейнеМәтін

Әбиірбек ТінәліӨмір БейнеМәтін

02
  • Просмотров:  
  • Размер: 5,26 MB
  • Длительность: 5:45
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 24-11-2018, 12:37
Слушать
Скачать
Текст песни
Қит етсең артық жүк артады Өмір
Қиындық артып сынатады Өмір
Сүйінтіп тұрып,күйінтіп кейде
Сенгеніңді де сыбатады Өмір

Қайырмасы

Қолыңды байлап кіжінтеді Өмір
Көзіңді байлап сүрінтеді Өмір
Қос қолды кейде төбеңе қойып
Кетердей безіп түңілтеді Өмір

Тоқты да бір күн...аш қылады Өмір
Жоқты да бір күн...қош қылады Өмір
Еңбегің жанып, елене қалсаң
Досыңды-дағы қас қылады Өмір

Қайырмасы

Бақталас өмір, тақталас Өмір,
Аяғың тайса ақтамас Өмір,
Ата-анаң сені жақтағанымен
Қателіктеріңді жақтамас Өмір

Күрмеуі жұмбақ, шешілмес Өмір
Сәт сайын зырлап, көсілмес Өмір
Ағайын-туыс, дос-жараның да
Кешірер бірақ, кешірмес Өмір

Қайырмасы

Үмітпен ғана алға асады Өмір
Шаттығы мұңмен алмасады Өмір
Өтеді өмір, өшеді, бірақ
Ұрпағыңменен жалғасады Өмір
Комментарии
Добавить