Алфавит
Главный » Хит премьера » Сені жақсы көріп қалдым махаббат - махаббат текст

Сені жақсы көріп қалдым махаббатмахаббат текст

+2929
  • Просмотров:  
  • Размер: 9,13 MB
  • Длительность: 3:47
  • Качество: 320
  • Дата релиза: 28-04-2022, 09:46
Слушать
Скачать

Текст песни
Арманымның әппақ құсы ардағым
Қиялымды құс жолымен жалғадым
Түрлі түсті тағдырымды таңдадым
Сені жақсы көріп қалдым махаббат

Ғашықтардың мерекесін тойладым
Ғашық болып қалғанымды ойладым
Мен осылай жүрегіңмен ойнадым
Сені жақсы көріп қалдым махаббат

Ақылымнан адастырған кім деймін кім деймін
Жүрегімді жылытпасаң күлмеймін күлмеймін
Мені жақсы көресің бе білмеймін білмеймін
Сені жақсы көріп қалдым махаббат

Көшкен жылдар көңілімді торлайды
Күннің өзі айдан сәлем жолдайды
Махабатта кездейсоқтық болмайды
Сені жақсы көріп қалдым махаббат

Тағдырымның тосын сыйы сен деймін
Ел айтатын ертегіге сенбеймін
Жаным барда сені ешкімге бермеймін
Сені жақсы көріп қалдым махаббат

Ақылымнан адастырған кім деймін кім деймін
Жүрегімді жылытпасаң күлмеймін күлмеймін
Мені жақсы көресің бе білмеймін білмеймін
Сені жақсы көріп қалдым махаббат

Әні: Шахбоз Носирджанов
Сөзі: Ақжол Түменбай
Комментарии
Добавить
Алия
Алия Гости 2 июня 2022 19:09
Осы ан озбектердин аниго кушти деп озбекшесин тындап осы биздин кай аншимиз айтар екен казакша аударып деп ойлап жургем