Алфавит
Главный » Хит премьера » Жәнібек Әшімжанов - Бір қыз бар мен білетін (поэзия)

Жәнібек ӘшімжановБір қыз бар мен білетін (поэзия)

+1111
  • Просмотров:  
  • Размер: 1,08 MB
  • Длительность: 1:11
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 28-11-2020, 22:18
Слушать
Скачать

Текст песни
Бір қыз бар мен білетін,
Сертіне сендіретін.
Ашудың әр соққысын
Ақылға жеңдіретін.

Баладай бал қылығын
Түсіңе ендіретін.
Қызықсыз әзіліне
Тек жалғыз мен күлетін.

Жаратқан пәк сұлуға,
Жақсыны жия салған.
Нәп-нәзік жүрегіне
Ізгілік ұя салған.

Көзінде мейірім бар,
Жүзінде нұрлы кескін.
Иманын құлыптаған
Көрмейді Күнді ешкім.

Ұстанған ұлы сертті,
Сен неткен сабырлысың.
Бір өлең жаздым бүгін
Таусылып сабыр күшім.

Жұлдыз бар мен білетін,
Жасырын тұрған көкте.
Өтінем ағып түсіп
Өзіңді құрбан етпе.
Комментарии
Добавить