Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Жанар Дугалова - Бұл да өтеді

Жанар ДугаловаБұл да өтеді

00
  • Просмотров:  
  • Размер: 3.68 MB
  • Длительность: 3:59
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 1-02-2025, 21:40
Слушать
Скачать

Текст песни
Сырыңды тыңдайтын досың болмағанда
Алыстап арманың, жолың жабылғанда
Сағынып біреуді жүрек сыздағанда
Жалғыз қалғанда
Мүлде
Жақының қолын созбаса күткеніңде
Өртесе бүгінің жанды өткенің де
Құшақтап жастықты түнде жылағанда
Жалғыз қалғанда
Қараңғыда
Айт өзіңе:

Бұл да өтеді
Қайталап айт өзіңе
Бұл да өтеді
Тағы да айт өзіңе
Бұл да өтеді
Сөзіңе сеніп айт өзіңе
Бұл да өтеді!
Күшім жетеді!!!

Табалмағанда жанға пана
Өзіңе айтшы ақырын ғана
Мұңайма енді болды жетеді
Көресің — бәрі бітеді!
Мына сәт кетіп қайтып келмес
Бұл өмірде ештеңе мәңгі емес!
Таң атып жаңа дем әкеледі !
Көресің — бұл да өтеді
Бір күні!

Қаламай жүрсе де көбі озғаныңды
Бетіңе күліп күтсе де тозғаныңды
Өкпелеп әлемге шешім таппағанда
Жалғыз қалғанда
Қараңғыда
Айт өзіңе :

Бұл да өтеді
Қайталап айт өзіңе
Бұл да өтеді
Жұбатып айт өзіңе
Бұл да өтеді
Сөзіңе сеніп айт өзіңе
Бұл да өтеді!
Күшім жетеді!!!
Комментарии
Добавить