Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Малик Жамбылулы - Мен кашанғы жуйригин (Нурым Шыршығулулынын термеси)

Малик ЖамбылулыМен кашанғы жуйригин (Нурым Шыршығулулынын термеси)

+11
  • Просмотров:  
  • Размер: 8.49 MB
  • Длительность: 3:33
  • Качество: 320
  • Дата релиза: 1-12-2024, 23:36
Слушать
Скачать

Текст песни
Мен – қашанғы жүйрігің,
Топ ішінде толғаған.
Шынымененде шырқасам,
Бабамда Қадыр қолдаған.
Осылайша сөйлесем,
Сөз қала ма ұртымнан.
Көре алмаған біреулер
Сөз айтады екен сыртымнан.
Қас жүйріктің белгісі, –
Дуды да көрсе, жұлқынған.
Айтулы жүйрік мен едім,
Салдырмай қамшы, ұмтылған.
Ұсынсам, қолым жетер ме?
Қырмызы қызыл түлкідей.
Қырданда асқан заманға,
Айтқанда сөзім өтер ме,
Ақылсыз туған жаманға?
Қайыра қамшы сермеме,
Сүйекке біткен шабанға.
Екі де жақсы бас қосса,
Бірін де бірін қия алмас.
Екі де жаман бас қосса,
Төсекке басы сыя алмас.
Ақылсыз туған жамандар,
Ағайынға мал бітсе.
Қызғаныштан көре алмас.
Қас жаманнан ұл туса,
Қатарымнан оздым дер,
Бұл күнде өзім болдым дер.
Қас жаманға мал бітсе
Ебімменен жидым дер,
Комментарии
Добавить