Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Алтынай Жорабаева - Дұға тілек

Алтынай ЖорабаеваДұға тілек

+168178
  • Просмотров:  
  • Размер: 3,03 MB
  • Длительность: 3:18
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 6-05-2019, 09:05
Слушать
Скачать

Текст песни
Ең шебер, ең Дана, ең Көркем – бір Алла,
Ең сұлу Есімің естілсін дұғамда.
Ең соңғы пайғамбар – Мұхаммед таратқан
Ең тұнық ақиқат құлпырған Құранда.

Жаратып әдемі ғаламды,
Жаратқан әкемді, анамды.
Кешірші, кешірші, жан Алла...
Сөзімен адасқан адамды.

Бір Саған сыйынып көңілге гүл ектім,
Жаныма саулаған нұрыңды жыр еттім.
Саф Ислам – мерейім, пәк Иман – шаттығым,
Хақ Алла, қабыл ет тілегін жүректің.

Жаратып Өмірді, Өлімді,
Жаратқан Жерімді, Көгімді.
Рахымды – әлемнің Иесі,
Ақылдан айырма елімді.

Бес күндік өмірім – бес уақыт намазым,
Үмітім – Жұмағың, Арманым – Назарың.
Қанағат, Шүкірлік, Сабырлық, Иман бер,
Таусылып дәм-тұзым, жеткенше ажалым.

Жаратып Ғарышты, Нұрыңды,
Жаратқан Күнімді, Түнімді.
Бір саған мақтауын арнаған
Жәннаттан нәсіп ет мүмінді..
Комментарии
Добавить