Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » ЖАН АХМАДИЕВ - ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ-7

ЖАН АХМАДИЕВҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ-7

+268280
  • Просмотров:  
  • Размер: 2,77 MB
  • Длительность: 3:02
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 7-04-2019, 10:24
Слушать
Скачать

Текст песни
Айтайын мен ақиқатты құлақ болса тыңдайтын
Қазақпыз ғой қайтпас елміз сүрінсек те сынбайтын
Қайта оралдым дайын болсаң тыңда менің мұңымды
Кезек келді қазақпыз ғой жырын қайта жырлайтын

Бес сәбидің жанын алған билік бізге не керек
Көк аспанға ұшып кетті қанаты жоқ көбелек
Сендер айтып жүрсіңдер ғой, бізде бәрі керемет
Оттапсыңдар сендер жақтан көмек пәтер керек ет

Бес сәбидің бота жасы жай қалтырмас бәріңді
Күл боп ұшқан бала жүрек ата-анасын сағынды
Шенеунікутер бұл өлімге щырылдаудың орнына
Уайымдайды тартып алса не істеймін деп тағымды

Абыройдан айырылды Абылқасым Мадина
Ойлайтыны қазақ емес, заңмен түскен қағида
Бес әріпті әрең қосып, сөйлей алмай қазақша
Айтыңдаршы министрлер ана тілін тани ма?

Бір уақытта үміт үздік сырғанаушы Денистен
Өкінеміз үндемейміз жылап алып тек іштен
Көк аспанда ғайып болды Денис деген періштең
Сол өлгенше неге өлмейді шенеуніктер жеп іщкен

Бұлтқа айналды, қазағымның ашық тұрған аспаны
Кім көрінген тартып алды бағымызды бастағы
Қазақ елін тонауды сол Храпуновтар бастады
Ұшеқпенен алып кетті миллиардтай ақшаны

Қ-сы
Оян қазақ жетер енді жығылғаның
Оян қазақ жетер енді қырылғаның
Оян қазақ бөтендерге бұрылмағын
Оян деимін тізе бүкпе шырылдасын шыбын жаның

Part-2
Қазағымның Зарын айтқан Заманбек те атылды
Одан кейін атып кетті Алтынбектей батырды
Баспанасыз қалдырдық па Шахановтай ақынды
Абайсызда өліп қалсам ұмытпаңдар атымды

Уақыт санап көбеюде қоғамдаүы қотырлар
Шенеуніктер байқамайды білмейді ғой соқырлар
Басқа тышты киіп алып сәукеле мен щапанды
Қайдасыңдар кеуде соғып қазақ деген батырлар

Қордай жақта аударылды автобустар ай санап
Талай қазақ өліп жатса жүрек қалай жай табат
Бұл жағдайға кінәлі тек "Барлық" сынды базарлар
Айтпасам да көрініп тұр айтпасам да байқалат

Шығарыңдар автобусты тыға бермей Барлыққа
Адам өлді жетпейді ме тиын үшін тарлықпа
Вокзалдарға көшіріңдер автобустың барлығын
Шын айтамын қарсы келме билік берген жарлыққа

Әліппенің көзін құртты Сағадиев Ерланың
Осылайша министрлер ойлап жүр ғой ел қамын
Депутаттар айға қарап жұлдыз санап жүргенде
21 мың теңге болды қазақтардың арманы

Көзім тірі айта берем қолдау болса қазақтан
Қазақ деген шаршамайды сынақ пенен азаптан
Елді жеген есалаңдар орын табар тозақтан
Шын айтамын қарсы келме қаһары бар қазаққа

Әліппенің көзін құртты Сағадиев Ерланың
Осылайша министрлер ойлап жүр ғой ел қамын
Депутаттар айға қарап жұлдыз санап жүргенде
21 мың теңге болды қазақтардың арманы

Көзім тірі айта берем қолдау болса қазақтан
Қазақ деген шаршамайды сынақ пенен азаптан
Елді жеген есалаңдар орын табар тозақтан
Шын айтамын қарсы келме қаһары ба қазаққа!
Комментарии
Добавить