Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Хайрол Мархаба - Аңсау

Хайрол МархабаАңсау

00
  • Просмотров:  
  • Размер: 3,6 MB
  • Длительность: 3:56
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 3-03-2022, 21:03
Слушать
Скачать

Текст песни
Қайда кеттің қайран дүние, қайран күн
Көзден ғайып болғаныңа қайранмын
Тостағанның түбін басқа төңкерген
Тәтті дәмі таңдайымда айранның

Қайда қалдың бота көзді бала күн
Қайда көшіп, қайда маңып барамын
Туған жерді аңсағанда жүрегім
Топырағын сағынады табаным

Қадіріңді білмеппін-ау, қайран күн
Арқасында сауық пенен сайранның
Сені іздедім ортасына түскенде
Өмір деген арпалысқан майданның

Қайда қалдың бота көзді бала күн
Қайда көшіп, қайда маңып барамын
Туған жерді аңсағанда жүрегім
Топырағын сағынады табаным

Жылдам қаққан қанатындай құстардың
Қайран күндер, қайтіп сені ұстармын
Қайта айналып келмейсің-ау, дариға
Дидарыңды бір көруге құштармын

Қайда қалдың бота көзді бала күн
Қайда көшіп, қайда маңып барамын
Туған жерді аңсағанда жүрегім
Топырағын сағынады табаным
Комментарии
Добавить