Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Арнұр Шәкерұлы - Ертегілер кейіпкері

Арнұр ШәкерұлыЕртегілер кейіпкері

00
  • Просмотров:  
  • Размер: 2,01 MB
  • Длительность: 2:12
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 2-11-2021, 20:44
Слушать
Скачать

Текст песни
Сүймей пендені, сүйіп теңгені
Көтерген жұрттан биік кеудені
Біздің ауданның барлық әкімі
Ертегілердің кейіпкерлері

Айтайын енді күш алып менде
Отыра бермей тұсалып төрде
Үш жүзді тонап желайақ әкім
Жеткізбей кетті үш әріптерге

Көлтаусар әкім көлді ішіп кетті
Сарқытын ішіп он күшік кетті
Орнына қаңбақ шал келіп еді
Ұзақ отырмай желге ұшып кетті

Маңдайын тауға тасқа да тейді
Айтайын деп ем астына тыйды
Анталап келген толағай әкім
Арқалап кетті бес қабат үйді

Байлық пен билік жалған деседе
Оданда жаман қалған көшеде
Әкімшіліктен зейнетке шықты
Мыстан кемпірде Алдар көседе

Сеніп келеміз ертегісіне
Көніп келеміз жер тебісіне
Уәдеде тұрмау, кедейден ұрлау
Сай келмейдіғой еркек ісіне

Біздің ауданды көркем ететін
Біздің шалдарды еркелететін
Ертегі айтпайтын әкім келсе екен
Өмірімізді ертегі ететін
Комментарии
Добавить