Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2019-2020 » Мейрамбек Беспаев, Ернар Айдар - Сен жоқта

Мейрамбек Беспаев, Ернар АйдарСен жоқта

00
  • Просмотров:  
  • Размер: 3,18 MB
  • Длительность: 3:29
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 31-05-2021, 13:44
Слушать
Скачать

Текст песни
Жанымда жүргенің
Бақыт деп білгенім
Әттең ол сағым екен.
Мен жетпес гүл ме едің
Еркелеп күлгенің
Өзгенің бағы ма екен.

Сәт сыйлап қас қағым
Кеттің де тастадың
Жазықсыз сезімді отқа.
Елеспен тілдестім
Елеусіз күн кештім
Ардағым өзің жоқта.

Сен жоқта айналаны,
Түн басып жаныма мұң жайланады
Көп күмән көңіліме байланады
Болады лайым, көңілде уайым
Сөнгендей күн-айым ой қамады
Сен жоқта жанардан жас тайғанады
Сен жоқта мұздай суық қара тасқа
Құс жастық айналады.

Сағынам әлі де
Сен жайлы бәріде
Санамда ой жүрсе мың
Көз салмай бір қызға
Ең жарық жұлдызға
Атыңды қойдым сенің.

Не қиып кете алмай
Не саған жете алмай
Әурелі күйде жүрмін
Жолыңды тосқаным
Әніме қосқаным
Дәлелі сүйгенімнің

Сен жоқта айналам,
Түн басып жаныма мұң жайланады
Көп күмән көңіліме байланады
Болады лайым, көңілде уайым
Сөнгендей күн-айым ой қамады
Сен жоқта жанардан жас тайғанады
Сен жоқта мұздай су, қара тасқа
Құс жастық айналады.
Комментарии
Добавить