Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Төреғали Төреәлі - Айша БейнеМәтін

Төреғали ТөреәліАйша БейнеМәтін

+3638
  • Просмотров:  
  • Размер: 2,91 MB
  • Длительность: 3:10
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 22-11-2018, 08:51
Слушать
Скачать

Текст песни
Менің қызым анасының ақ сүтінен нәр алған
Атасы мен ажесінің тәрбиесін көп алған
Бүгін міне еркетайым орындалып бар арман
Ата-анаңа бара жатсың, ұзап ата-анаңнан

Бақыт құсы келіп қонсын, берік болсын босағаң
Құдай қосқан Дәулетпенен қосағыңмен қоса ағар
Жанасыл ел жан-жарыңа жанашыр бол, жарқыным
Өміріңді көркем етер, еркелетер осы адам

Айналайын, Айшатайым, ақ па сенен аппақ қар?!
Аппақ адал ниетіңмен босағаңды аттап бар
Сен өскен жер берекелі бақыт мекен, құт мекен
Бақытты бол, барған жерге береке боп, бақ боп бар

Жұмағазы құдамыз бар байсалды адам, мәрт анық
Гүлнардай құдағай жүр он саусақтан бал тамып
Осы екеуін әкеңдей көр, анаңдай көр, алтыным
Осы әулеттің келіні-ай деп мақтап жүрсін бар халық

Саған арнап ақ жүрекпен ақ батамды ән қылып
Анаңда жүр баласына бақыт тілеп мәңгілік
Аппақ қызым орнына аппақ келін келеді
Тағдыр сені жылатпасын бұл табиғи заңдылық

Жақсылыққа толы болсын жаңа өмірің, елігім
Алақанда аяласын сенімді боп серігің
Сұрақ елі айдынынан ұшырады аққуын
Құда болған ал КЕТЕЛЕР құтты болсын келінің

Менің қызым анасының ақ сүтінен нәр алған
Атасы мен ажесінің тәрбиесін көп алған
Бүгін міне еркетайым орындалып бар арман
Ата-анаңа бара жатсың, ұзап ата-анаңнан

Бақыт құсы келіп қонсын, берік болсын босағаң
Құдай қосқан Дәулетпенен қосағыңмен қоса ағар
Жанасыл ел жан-жарыңа жанашыр бол, жарқыным
Өміріңді көркем етер, еркелетер осы адам
Өміріңді көркем етер, еркелетер осы адам
Комментарии
Добавить