Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » SAFFANA - Халқым-оу

SAFFANAХалқым-оу

00
  • Просмотров:  
  • Размер: 3,59 MB
  • Длительность: 3:55
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 25-03-2021, 05:31
Слушать
Скачать

Текст песни
ЖАҢАЛЫҚ келсе қазақ шошынады
Бірігіп ап батыруға құлшынады
Амалы жоқ, бейшара ӨНЕРПАЗДАР
Өз елінің БОҒЫНА тұншығады

Дүйім қазақ былай тұрсын, туыс-жаран
Таптайды бірден Роза бола алмасаң
Өз еліңде ҰЛТАН болу не модно
Өзге елден СҰЛТАН боп оралмасаң

Халқына бар талантын көрсетем деп
Басқаның сахнасында жүр секеңдеп
Әр орыс, әр хохолға жемтік болып
Қаракөз қазақ қыздар жүр елпеңдеп

Себебі өз ұлтының берері жоқ
Бұл жерде көретіні хэйт пенен блок
Бір сәуле өз елінен көрмеген соң
Димаш та мұхит асып кететін болд

Сен мүлдем ойланып көрмеп пе едің
Өзгелер қызығатын себептерін
Жаңашыл бұл буында жаңа үн бар
Әлемдік деңгей барын сезбеп пе едің

Әрине сезбегенің дұрыс болды
Осы жерде-ақ су құйып өшірер ең
Шетелдік тыңдарманы аман болсын
Ал қазаққа кетеді есіл еңбек

Грэмми!-деп жан салып қуанасың
Құдды бір өз қолыңмен әпергендей
ШЫНЫНДА БАСҚА ҰЛТТАР ТЫҢДАРМАНЫ
Солар оған жүлдені әкелген де

Әуел бастан жасапты өте дұрыс
Өзге елге шығарып дүниесін
ҚАЗАҚТЫҢ назарына бере салсаң
Отқа түсіп, Коперниктей мың күйесің

Қолда барда алтынның қадірі жоқ
Іштеріңде сын айтқыштар әділің жоқ
Бірақ қанша батырмақ ойың болса
Біздің өнер әлеміне әмірің жоқ

Қайтесің бас қатырып, отыра бер
Ninety one-ның сырт келбетін талқыға сап
Ал егерде айтар сөзің болса, кеп қайт
Шайнамай жұта салам, асап-асап
Комментарии
Добавить