Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Дегдар Жолдасбай - Ашу келді

Дегдар ЖолдасбайАшу келді

+11
  • Просмотров:  
  • Размер: 3,22 MB
  • Длительность: 3:31
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 18-03-2021, 10:45
Слушать
Скачать

Текст песни
Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау қайнатады-ау зығырды.

Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім,
Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім.
Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,
Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.

Қ/cы
Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау қайнатады-ау зығырды

Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын,
Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын.
Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын,
Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын.

Қ/сы
Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау қайнатады-ау зығырды

Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.
Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал,
Қалғандарың құлан жортпас құла дүзге лақтыр!
Комментарии
Добавить