Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Табылды Досымов - Ақ дидарың-ай

Табылды ДосымовАқ дидарың-ай

+99
  • Просмотров:  
  • Размер: 2,64 MB
  • Длительность: 1:55
  • Качество: 192
  • Дата релиза: 19-11-2020, 10:12
Слушать
Скачать

Текст песни
Атыңды сенің айтамын
ән қылып неге
Қозым-ау деші
күлімдеп Баяндай маған
Тірлікті мынау жаным-ай
мәңгілік деме
Ұйықтап кетсем
бір күні оянбай қалам

Оянбай қалам бұл
шындық ұрыспа қарғам
Шөлмек-тірліктің
белгілі құлай сынары
Гитарамды алып
елеусіз бұрышта қалған
Бауырыңа басып
егіліп жылайсың әлі

Жүректе қайғы баста
мұң көңілде қырау
Оңай ма жаным жаныңда
қайғы ауыртқасын
Жүретін кезім бола ма
өмірде мынау
Шараптан емес
шаттықтан айналып басым

Жанардан ұштың
жасын күн базарым едің
Ақ арман неге қол
бұлғап шақырмайды алдан
Отырам сосын
тұнжырап сазарып өңім
Оқтаулы мылтық
секілді атылмай қалған

Атыңды сенің айтамын
ән қылып неге
Қозым-ау деші
күлімдеп Баяндай маған
Тірлікті мынау жаным-ай
мәңгілік деме
Ұйықтап кетсем
бір күні оянбай қалам.
Комментарии
Добавить