Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Жайық Кеңесбаев & Назерке Ардаққызы - Жараладың

Жайық Кеңесбаев & Назерке АрдаққызыЖараладың

00
  • Просмотров:  
  • Размер: 3,55 MB
  • Длительность: 3:53
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 8-08-2020, 08:04
Слушать
Скачать

Текст песни
Сүймеймін деп жүректі жараладың
Саған қалай кінәні таға аламын
Шын сүймесең жоғалып кетпедің бе
Не себепті жырларымды бағаладың

Сүймеймін деп саласың қоңыр әнді
Тыңдай тыңдай менен де көңіл ауды
Ұнатпасаң сүймесең не себептен
Мені іздеп шала бердің қоңырауды

Өзгерді ме маған деген көзқарасың
Әлде бізге көрсеттіме күз қарасын
Сүймеймін деп айтарыңды айтып алып
Басқалардан не үшін қызғанасың

Жараладың жанымды жараладың
Сені сүйген жүректі табаладың
Махаббаттың әлемін бұрынғыдай
Тек өзіңмен келеді аралағым

Қол ұстасып бір жүрген бақтарымды
Көп сырласқан бақытты шақтарымды
Ұмыт қылып барлығын кетем деп алып
Жолдай бердің сағыныш хаттарыңды

Соңғы кезде бақытымды көп тіледің
Қос жанарым жасаурап кетті менің
Шын бақытым тек өзің емессің бе
Кет демеші жаныңа келіп тұр едім
Комментарии
Добавить