Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Жан Ахмадиев, Бақдаулет Әбділдә - ТІРІ ЖЕТІМ-2

Жан Ахмадиев, Бақдаулет ӘбділдәТІРІ ЖЕТІМ-2

+77
  • Просмотров:  
  • Размер: 2,97 MB
  • Длительность: 3:15
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 22-05-2020, 19:30
Слушать
Скачать

Текст песни
Балашым балапаным, әкеңді сағындың ба?
Қайтадан келдім саған, малынып жаным мұңға.
Апатқа ұшырадың кінәнің бәрі менен,
Кешірші кешіре гөр, рұқсат ет жалынуға...

Әкетай өтінемін өзіңді кінәлама,
Ешқандай кінәң жоқ қой әкешім бұл арада.
Бұл жағдай бәлкім папа Алланың қалауы ма,
Сұраймын уайымдама күрсінбе жылама да.

Тірідей жүрегіңді боташым жараладым,
Қасыңда қолдап сені жүруге жарамадым.
Білемін кетеріңде артыңа қарамадың,
Сонда да әке деген атыңды бағаладым.

Бәлкім жаныңда болсам, бұл жағдай болмас па еді,
Басыңа зауал құсы осылай қонбас па еді.
Жалғызым қошақаным жылама жабырқама,
Емеспін алдыңда мен емеспін арым таза.

Қ-сы
Баха:
Қорғадың сында бізді,
Сағындым тұлғаңызды.
Әкетай шыныңды айтшы,
Сен үшін кім маңызды?

Жан:
Кетсемдее қия алмадым,
Келем деп жиі алдадым.
Өзімшіл мінезімді,
Боташым тия алмадым.

2 part
Білемін әкетайым, бізден бақыт таппадың,
Сонда да жақсы көрем керек емес ақталу.
Қасымда болмасаң да, атыңа кір келтірмей,
Әрқашан әкем бар деп, құрметтедім мақтандым.

Тұңғышым тұмарымсың тайлағым тарланымсың,
Бұл жалғанда бұйырған, алтыным бар бағымсың.
Басқаның бақыты деп, өзіңді жетім қылдым,
Адастым амал қанша, жоғалды ар намысым.

Әкетай бәрібір де сен менің шырағымсың,
Су ішкен бала кезден, сарқылмас бұлағымсың.
Сағынам жалғызсырап ұйқысыз түнде сені,
Іздеймін асқартауым, іздеймін күнде сені.

Әкетай өзің жоқта өмірден жасып қалдым,
Оралшы қайтып келші десем де асықпадың.
Иісіңді сағынып, көрпеңді оранамын,
Кейде боқтаймын сені ашумен тасып қаным.
Комментарии
Добавить