Алмас ТемірбайАқыр заман белгілері
3
- Просмотров:
- Размер: 13,66 MB
- Длительность: 14:55
- Качество: 128
- Дата релиза: 26-06-2021, 13:07
Текст песни
Арғы атам менің - пайғамбар
Бергі атам менің - молда еді
Мұсылмандыққа бастаған
Мұхаммед Расул-олла еді
Құдайы - жалғыз аузында
Құраны - екі қолда еді
Жүрекке жиған иманын
Жұмаққа барар жолда еді
Ұрпағың азды, аталар
Көңілдің келмес сенгісі
Әйелдің саны көбейіп
Азаяр енді ер кісі
Бұ дағы байқап тұрсаңыз
Ақырзаманның белгісі
Арғысын білер бір Алла
Айтарым менің бергісі
Жанымның жалғыз Иесі
Жаратқан, жалқы Құдайым
Көз көріп небір сұмдықты
Көңілді басты уайым
Пайдасын ойлап халқымның
Пайғамбар құсап жылайын
Ақырзаманды еске алсам
Мен қайтіп шыдап тұрайын
Ақырзаманға асығып
Адамзат, қайда барасың
Имансыз адам - итпен тең
Айырмас ақ пен қарасын
Аллаға күмән келтіріп
Кешірмес кінә тағасың
Тоз-тозың шығып, мәңгіріп
Тозақта мәңгі жанасың
Алаған қолым - береген
Алладан мәдет айладым
Алыс та жақын ағайын
Алақаныңды жай, бәрің
Харамнан бойың аулақтап
Хақ жолдан енді таймағын
Бұ дүние деген өткінші
О дүние жайын ойлағын
Бес уақыт намаз бұзылар
Безгенде діннен шын надан
Армансыз, мұңсыз періште
Алланы ұйып тыңдаған
Бұйрығын үнсіз орындап
Басқаға мойын бұрмаған
Періштелер де, біз түгіл
Намазын қаза қылмаған
Есте жоқ ескі заманда
Соққанда соңғы сағатың
Әзірейіл көзге көрініп
Жаныңды келіп алатын
Заманның осы-ау азғаны
Ажалдың құртып тағатын
Көбейді жандар, имансыз
Кенеттен қаза болатын
Күндері туып күмәнді
Түндері туып үрейлі
Бақсыға келіп, бал ашып
Бейітке барып түнейді
Ит-тірлік кешіп адасып
Иманы қашып, жүдейді
Өмірден безіп көп пенде
Өзіне өлім тілейді
Уақытың өтер зымырап
Сенбесең, өзің санашы
Толғанша Айдың ескісі
Туады Айдың жаңасы
Бір апта есіл ғұмырың
Бір күндей болар, шамасы
Ақшаға сатар уақытын
Ақырзаманның баласы
Бір ұлың жүрер - шала мас
Бір қызың жүрер - жалаңаш
Еркек пен әйел затының
Киімі болар аралас
Бұйымы болар аралас
Жиыны болар аралас
Араға сайтан кірген соң
Аралас бәрі, аралас
Бір ұлың болар ─ ала қол
Бір қызың болар ─ пәлеқор
Бір көршің болар ─ зинақор
Бір көршің болар ─ пайдақор
Қатының болар - жалақор
Әкімің болар - парақор
Қамқорың болар жемқорлар
Құрылар күнде жаңа қор
Әйелдің еніп кейпіне
Әзәзіл жұртты азғырар
Көргенсіз, арсыз пенденің
Көңілін тауып, мәз қылар
Айуандық жолға түсіріп
Адамдық қалпын аздырар
Бергі атам менің - молда еді
Мұсылмандыққа бастаған
Мұхаммед Расул-олла еді
Құдайы - жалғыз аузында
Құраны - екі қолда еді
Жүрекке жиған иманын
Жұмаққа барар жолда еді
Ұрпағың азды, аталар
Көңілдің келмес сенгісі
Әйелдің саны көбейіп
Азаяр енді ер кісі
Бұ дағы байқап тұрсаңыз
Ақырзаманның белгісі
Арғысын білер бір Алла
Айтарым менің бергісі
Жанымның жалғыз Иесі
Жаратқан, жалқы Құдайым
Көз көріп небір сұмдықты
Көңілді басты уайым
Пайдасын ойлап халқымның
Пайғамбар құсап жылайын
Ақырзаманды еске алсам
Мен қайтіп шыдап тұрайын
Ақырзаманға асығып
Адамзат, қайда барасың
Имансыз адам - итпен тең
Айырмас ақ пен қарасын
Аллаға күмән келтіріп
Кешірмес кінә тағасың
Тоз-тозың шығып, мәңгіріп
Тозақта мәңгі жанасың
Алаған қолым - береген
Алладан мәдет айладым
Алыс та жақын ағайын
Алақаныңды жай, бәрің
Харамнан бойың аулақтап
Хақ жолдан енді таймағын
Бұ дүние деген өткінші
О дүние жайын ойлағын
Бес уақыт намаз бұзылар
Безгенде діннен шын надан
Армансыз, мұңсыз періште
Алланы ұйып тыңдаған
Бұйрығын үнсіз орындап
Басқаға мойын бұрмаған
Періштелер де, біз түгіл
Намазын қаза қылмаған
Есте жоқ ескі заманда
Соққанда соңғы сағатың
Әзірейіл көзге көрініп
Жаныңды келіп алатын
Заманның осы-ау азғаны
Ажалдың құртып тағатын
Көбейді жандар, имансыз
Кенеттен қаза болатын
Күндері туып күмәнді
Түндері туып үрейлі
Бақсыға келіп, бал ашып
Бейітке барып түнейді
Ит-тірлік кешіп адасып
Иманы қашып, жүдейді
Өмірден безіп көп пенде
Өзіне өлім тілейді
Уақытың өтер зымырап
Сенбесең, өзің санашы
Толғанша Айдың ескісі
Туады Айдың жаңасы
Бір апта есіл ғұмырың
Бір күндей болар, шамасы
Ақшаға сатар уақытын
Ақырзаманның баласы
Бір ұлың жүрер - шала мас
Бір қызың жүрер - жалаңаш
Еркек пен әйел затының
Киімі болар аралас
Бұйымы болар аралас
Жиыны болар аралас
Араға сайтан кірген соң
Аралас бәрі, аралас
Бір ұлың болар ─ ала қол
Бір қызың болар ─ пәлеқор
Бір көршің болар ─ зинақор
Бір көршің болар ─ пайдақор
Қатының болар - жалақор
Әкімің болар - парақор
Қамқорың болар жемқорлар
Құрылар күнде жаңа қор
Әйелдің еніп кейпіне
Әзәзіл жұртты азғырар
Көргенсіз, арсыз пенденің
Көңілін тауып, мәз қылар
Айуандық жолға түсіріп
Адамдық қалпын аздырар
Похожие песни
Комментарии
Добавить