Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Қайрат Нұртас - Перзент сыры

Қайрат НұртасПерзент сыры

00
  • Просмотров:  
  • Размер: 2,89 MB
  • Длительность: 3:09
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 12-11-2023, 08:56
Слушать
Скачать

Текст песни
1. Уақыт ұрлап барады ажарыңды,
Ана, сенiң өмiрiң ғажап үлгi.
Өткен күнге отырсың шүкiр айтып,
Құтқа балап кешкен мың азабыңды.

Қайырмасы:

Сын шақтарда қалған жоқ жүгiң құлап,
Жаныма, ана, сенiң жырың қуат.
Кеше бiздер бала едiк, түсiнбеппiз,
Түсiне алмай жүрмiз-ау бүгiн, бiрақ...

2. Еңсенi езген сыр бермей нала-мұңға,
Сен қатесiн кешiрдiң баланың да.
Тұрды ананың мейiрiмi жанарыңда,
Тұрды әкенiң ашуы қабағыңда.

3. Жүзiңдi әжiм барады көлеңкелеп,
Аңғармадым, жүрдiм де мен еркелеп.
Мынау ғазиз әлемнiң жылуынан
Махаббатың, шуағың ерек-бөлек.
Комментарии
Добавить