Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Серік Қалиев - Жәннатқа барсақ бәріміз құрдас боламыз (поэзия)

Серік ҚалиевЖәннатқа барсақ бәріміз құрдас боламыз (поэзия)

00
  • Просмотров:  
  • Размер: 2,53 MB
  • Длительность: 2:46
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 26-06-2021, 12:30
Слушать
Скачать

Текст песни
Жәннатқа барсақ бәріміз құрдас боламыз.
Сағынып тұрар бір-бірін шын дос боламыз.
Шаттықтан бар жұрт мақтадай қалықтайтын болады.
Қанша өмір сүрсе де еш адам жалықпайтын болады.

Күйбең тірлікпен күйі кетіп торықпайтын болады.
Ит тістеп, жылан шағады деп қорықпайтын болады.
Жалақы қашан тиер деп зарықпайтын болады.
Жұмыстан қысқарып қалам деп қамықпайын болады.

Өсем деп онда ешкімге пара бермейсің.
Жер мен үй сұрап әкімге бара бермейсің.
Кигеніміз жібек, ыдысымыз алтыннан болады.
Ыстық, суықсыз ауа райы салқыннан болады.

Ләззаттан балқып, бақыттан балбырайтын боламыз.
Көркіміз күнде нұрланып, албырайтын боламыз.
О жақта бүгін көргенің ертең болмайды.
Бұ жақта ешкім ондағыдай көркем болмайды.

Жақпайтын тамақ жеп онда ішің ауырмайды.
Халуадан асап жесең де тісің ауырмайды.
Мың жүзім дәмі бір- біріне ұқсамайтын болады.
Мезі етіп адамдар бір- бірін қыстамайтын болады.

Жанұяның ойлап жағдайын жасып жүрмейсің.
Қарызданып қалып біреуге қашып жүрмейсің.
Ондағы өмір ешқандай сынақ болмайды.
«Не істедің?», «неге өйттің?» деп сұраққа алмайды.

Ондағы шаттық жалауы құлап қалмайды.
Шайтан жоқ онда, бөгде әйел ұнап қалмайды.
Бұлақтар, көлдер, өзендер шырын, бал болады.
Бұлбұлдар әні, сүйкімді шырылдар болады.

Әйелің сені әр қыздан қызғанбайтын болады.
Кешіксең «қайда болдың деп?» сызданбайтын болады.
Құштарлық толы кеуделер күмбірлейтін болады.
Іштарлық жайлы адамдар дым білмейтін болады.

Ол үшін бүгін тазалап ойларымызды,
Күнәдан аулақ ұстайық бойларымызды.
Үйлендіріп әрбір салт басты бойдағымызды,
Адал аспенен тойлайық тойларымызды.

Ұмытып кетіп қайдағы, жайдағымызды,
Жайбарахат жұрт болайық, жайдары жүзді.
Ықыласымызды арттырып амалдарымызды.
Көбірек басып мешітке қадамдарымызды.

Жақсыға үндеп дос, бауыр, жарандарымызды,
Жомарттыққа шақырып сараңдарымызды,
Тайғанақтатпай тірлікте табандарымызды,
Түзейік ой мен тілдегі жамандарымызды.
Комментарии
Добавить