Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Жақау - Жақаудың жыр жолдарынан

ЖақауЖақаудың жыр жолдарынан

+22
  • Просмотров:  
  • Размер: 5,46 MB
  • Длительность: 2:56
  • Качество: 256
  • Дата релиза: 12-11-2020, 21:33
Слушать
Скачать

Текст песни
Жақаудың жыр жолдары, жұрт айтады: -жынды, жынды.
Жақау жұлдыздай жолығар, жұрт айтады: -жынды, жынды.
Жақау жырдың автоматы, жұрт айтады: -жынды, жынды.
Жақаудың жынды жамағаты - жынданғаннанда жынды.

Жақаудың жаңадан жарқырап жұлдызы жанды,
Жыртып жүрмін жұлдыздарды жындылықпен, жалпы.
Жарты жаным, жарты жақсылықпен жамалған,
Жамандықты жұтынарсың жүзімдегі жанардан.

Жақау жырмен жан жан алған, жаным жырақ - жанжалдан,
Жүректегі жағдайды, жөндейміз жәй-жәйді.
Жырларым жойқын жолдан жәйлі, жақындама,
Жұлдызы жоқтар ғана жаныма жақын ғана.

Жыртылма, жеркенішті, жұдырық жетер жағыңа,
Жақаудың жыр жолдарын, жарқыратшы жадыңда.
Жыр жалғаған, жыр жолы жалғасуда жарысып.
Жалғандар жыландай, жағама жатыр жабысып.

Жартысының жағы сынып, жұқарып жіптей жүйкесі,
Жерде жатты жыланып, жабысып жерге желкесі.
Жылдарды жылжытып, жыр жазсам жамағатқа,
Жазықсыз жанымда жуытпай жаман атқа.

Жақсылық Жәннатта, жамандар Жәханнамда,
Жақсылық та, жамандық жаныңа жақын маңда.
Жақындаңдар, жақында, жаныма жиналып,
Жаңаөзендік Жақауда жеткілікті жаңалық.

Жанына жұлқылайды, жылан жалап жұтқыншақты,
Жетеріме жеткенше, жұртқа жазамын жыр пышақты.
Жетер, жеткілікті, жиғаны жұрттың жадында,
Жақаудың жамағаты жыртады және жақында.

Жарқыраса жанарыңа, жалюзиді жәйлап жап,
Жер жаһан, жарық таң атқанша Жақауды жібер жәйрақ жап.
Жақауға жарасады жұлдызданып жымиғаны,
Жақында жарқырайды, жұртты жинап, жыр жинағы.

Жұлдыздай жанып, жоғаламыз, Жаратқанға жалынсақ та,
Жалынды жұрт жолда да, жалпы Жақау жақта.

Жақаудың жыр жолдары, жұрт айтады: -жынды, жынды.
Жақау жұлдыздай жолығар, жұрт айтады: -жынды, жынды.
Жақау жырдың автоматы, жұрт айтады: -жынды, жынды.
Жақаудың жынды жамағаты жынданғаннанда жынды.
Комментарии
Добавить