Алфавит
Главный » Қазақша әндер 2024 » Qarakesek - Оның ойы

QarakesekОның ойы

+140146
  • Просмотров:  
  • Размер: 4,12 MB
  • Длительность: 4:30
  • Качество: 128
  • Дата релиза: 30-05-2019, 16:26
Слушать
Скачать

Текст песни
Уақыт тастап кетті бізді, өткенде
Қолыңа гүл берген, қош дедің көктемге
Гүл теріп берем деп едім, бөктерден
Көрсеткім келген еді, ауылдың Көктемін..
Көрсеткім келген еді, күрсінген Күзін
Көрсеткім келген еді - Қысын, ауылдың біздің.
Бірақ амалым қанша, қолымнан ұшып кеттің
(Шағала) сені күтіп қолым үсіп кетті...
Түнгі толқындар, сені адастырып алып кетті
Кері қайта алмадыңба, қанатың талып кетіп?!

Қайырма...

Мен тұрм(ын) казір оның ойында...
Бірақ Ол, өтірік сөйлей береді, мен жайында
Бірақ мені танымайд(ы), менің ішімнен
Менің өмірім, кірмид(і) тіпті оның түсіне де...

2. Менің ойым сенде, сенің ойың басқада
Сенің ойың жерде, менің ойым Аспанда..
Білем аспанда емес, жерде - баспанам
Бірақ аспанға кетіп қалар едім болса баспалдақ
Жүргім келеді жолмен, аяқтар баспаған
Болғым келеді сен танымай қалатын, Басқа адам.
Құтылғым келеді, сенің көзіңдегі жастардан
Берсе екен деймін, сағанда мағанда, Басқа Арман
Болмайтын қиялдарың бар санаңды ластаған
Шаршатқан жоқпа сені?!
Ал мен саған қатысы бар заттардың бәрін өртеп тастағам!
Жүрсіңбе әлі жоқ нәрсеге сеніп?
Өмірің қалай өтуде, өзіңе тілеп алған?
Күтіп жүрсіңбе бақытты күнді алдан?

Қайырма...

Мен тұрм(ын) казір оның ойында...
Бірақ Ол, өтірік сөйлей береді, мен жайында
Бірақ мені танымайд(ы), менің ішімнен
Менің өмірім, кірмид(і) тіпті оның түсіне де.
Комментарии
Добавить